Басты бет › ШҚД қызметкері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

ШҚД қызметкері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

ШҚД қызметкері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды ШҚД қызметкері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінде басқарма басшысы Айнұр Хамитбекқызы Сыздықованы «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталуына орай салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті.

Айнұр Хамитбекқызының қаржы саласындағы кәсіби еңбек жолы 19 жылдан астам уақытты қамтиды. Ол еңбек жолын 2007 жылы ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінде бастаған. Мемлекеттік қызметтегі жылдары жетекші маманнан бастап құрылымдық бөлімше басшысына дейінгі кәсіби өсудің барлық сатысынан өтті. Бұл жоғары марапат оның көпжылдық адал еңбегінің, өз мамандығына деген беріктігінің және еліміздің қаржы жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесінің заңды мойындалуы болды.

2024 жылдан бастап Айнұр Хамитбекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесінде еңбек етіп келеді. Әріптестері оның жоғары біліктілігін, талапшылдығын және қойылған міндеттерді шешуге жауапкершілікпен қарауын ерекше атап өтеді. Терең білімі мен мол тәжірибесінің арқасында ол басқарма жұмысын тиімді үйлестіріп, Департаменттің қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуде.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің ұжымы Айнұр Хамитбекқызын жоғары наградасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке, сарқылмас күш-жігер және мемлекеттік қызметте жаңа табыстар тілейді.