Басты бет › ШҚД және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары жалпықалалық сенбілікке қатысты

ШҚД және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары жалпықалалық сенбілікке қатысты

ШҚД және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары жалпықалалық сенбілікке қатысты ШҚД және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары жалпықалалық сенбілікке қатысты ШҚД және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары жалпықалалық сенбілікке қатысты

Астанада өтіп жатқан «Таза Қазақстан» күзгі экологиялық айлығы аясында, сондай-ақ қолайлы, таза және абаттандырылған қалалық ортаны қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Құрылтайының шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының: Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Инженерлік орталық, Парламентаризм институты және Автошаруашылық қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар аумақтарды санитариялық тазалау және абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, Құрылтай жатақханасының және Автошаруашылық аумағында орналасқан жатақхананың аулалары, қызметтік үй-жайлар орналасқан аумақтар тазартылып, сондай-ақ Құрылтай ғимаратына іргелес аумақтарда тиісті тәртіп орнатылды.

Жалпықалалық сенбілікке барлығы 193 адам қатысты.

Сенбілік қорытындысы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

1) 1200 астам шаршы метр аумақ тазартылып, абаттандырылды;

2) 500 метр шамасында нөсер кәріздері тазартылды;

3) 250-ден астам қап қоқыс жиналып, шығарылды;

4) 4нысанның (балалар алаңы, спорт алаңы, кіреберіске іргелес аумақтар және т.б.) аумағы ретке келтірілді;

5) жасыл желекке күтім жасау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді;

6) 150-ден астам ағаштар әктелді және абаттандыру бойынша өзге де іс-шаралар жүргізілді.

Осындай экологиялық іс-шараларды өткізу қалалық ортаның тазалығы мен санитариялық жағдайын сақтауға, жасыл желектерді қорғауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті мен оған қарасты ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жалпықалалық сенбілікке қатысуы бекітілген аумақтарды абаттандыру және олардың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ елордадағы экологиялық бастамаларды іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.