Шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылығы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында ағымдағы жылы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің № 9 өрт постының күштері мен құралдарын тарта отырып, екі өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бірінші оқу-жаттығу барысында кәсіпорын персоналы шартты өрт туындаған кездегі практикалық іс-қимылдарды, жұмыскерлерді эвакуациялау тәртібін, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау алгоритмін пысықтады. Жұмыскерлерді ұйымдасқан және уақтылы эвакуациялауға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу барысында 43 адам эвакуацияланды.
Алынған дағдыларды бекіту және ден қою жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің № 9 өрт постының күштері мен құралдарын тарта отырып, қайталама өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, оның барысында персоналдың өрт туындаған кездегі практикалық іс-қимылдары, эвакуациялау тәртібі, сондай-ақ кәсіпорынның жауапты тұлғаларының өртке қарсы қызмет бөлімшесімен өзара іс-қимылы қосымша пысықталды. Іс-шара қорытындысы бойынша 53 адам эвакуацияланды.
Осындай оқу-жаттығуларды өткізу жұмыскерлердің практикалық дағдыларын тұрақты түрде жетілдіруге, жауапты тұлғалардың өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін жетілдіруге және төтенше жағдай туындаған жағдайда кәсіпорынның жедел әрекет етуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.