Басты бет › «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.09.2026 - 21.09.2026

Қабылдау 1 этап: 18.09.2026- 21.09.2026

Қабылдау 2 этап: 22.09.2026

Практикалық бағалау: 23.09.2026

Анықтама телефоны: 74-74-42

C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391

            (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Қазақстан Республикасының Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі қаржы-экономикалық басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: 26.04.2027 ж. дейін уақытша бос)

Функционалдық міндеттері:

Алдағы қаржылық және 3 жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және дайындау бойынша жұмыстарды орындау. Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе басқа заңды бастамалар негізінде республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды заңдарға сәйкес қалыптастыру. Бюджетті, қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындарға әдістемелік көмек беруді жүзеге асыру.

Қосымша талаптар:

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.