"Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09.2026 - 18.09.2026
Қабылдау 1 этап: 17.09.2026- 18.09.2026
Қабылдау 2 этап: 21.09.2026
Практикалық бағалау: 22.09.2026
Анықтама телефоны: 74-74-42
C-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Қазақстан Республикасының Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесі цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Құрылтайын цифрландыруды дамыту бағдарламаларына сәйкес қарасты кәсіпорындар жүзеге асыратын жобалардың уақтылы орындалуын бақылауды, сондай-ақ тиісті ақпарат пен талдамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз ету. Цифрландыру және ақпараттандыру саласындағы инновациялық шешімдер мен идеяларды талдау, қарасты кәсіпорындардың бастамаларын зерделеу және келісу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Қазақстан Республикасының Құрылтайын цифрландыруды дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобалар портфелін Қазақстан Республикасы Құрылтайының басшылықтарымен келісу. Қазақстан Республикасының Құрылтайын цифрландыруды дамыту бағдарламалары мен жобалар портфелінің орындалуын бақылауға, оларды оңтайландыру және өзектендіру бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Құрылтайы, ШҚД және қарасты кәсіпорындардың цифрландыруды дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырмалар мен техникалық сипаттамаларды әзірлеуге және келісуге қатысу. Ақпараттандыру және цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен хат алмасуды қамтамасыз ету. Келесі жылға арналған Басқарма жұмысының жоспарын әзірлеуге және өткен жылдағы атқарылған жұмыс туралы есепті дайындауға қатысу. Цифрлық жобаларды іске асыру барысын мониторингтеу және талдау, цифрландыру тиімділігін арттыру жөніндегі талдамалық анықтамалар, есептер мен ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен ШҚД қызметінде жасанды интеллект, деректер аналитикасы және процестерді автоматтандыру технологияларын енгізу және пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру. Цифрландыру, аналитика және жасанды интеллект жобаларын іске асыру мәселелері бойынша орындаушылармен және мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Цифрландыру және ақпараттықкоммуникациялық технологиялар бағыты бойынша стратегиялық құжаттар, тұжырымдамалар, жол карталары мен есептерді әзірлеуге қатысу. Цифрлық бастамалар бойынша деректерді жинауды және шоғырландыруды қамтамасыз етуге, жобалық іс-шаралардың орындалуын есепке алуға және бақылау. Цифрлық шешімдерді, ақпараттық жүйелер мен сервистерді тестілеу, сынақтық пайдалану және енгізу процесін үйлестіру. Цифрлық жүйелер архитектурасын жетілдіру, мемлекеттік деректер қорларымен және өзге де ақпараттық ресурстармен интеграциялау бойынша ұсыныстар дайындауды қамтамасыз ету. Цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен ШҚД басшылығына арналған презентациялар, талдамалық материалдар және есептер дайындауға қатысу.
Қосымша талаптар:
ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарлама пакетін, электрондық құжатайналым бағдарламаларын білу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, электротехника және энергетика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.