Курултай сессиясының ашылуы қарсаңында Қазақстан Республикасы Курултайының алдағы іс-шараларын өткізуге объектілер мен техникалық инфрақұрылымның дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Инженерлік орталығы кешенді техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізді.
Курултай іс-шараларын өткізуге тартылған пленарлық отырыстар залдарын, комитеттер отырыстарының залдарын, халықаралық кездесулерге арналған залдарды және басқа да үй-жайларды техникалық жарақтандыру және дайындау жұмыстары жүргізілді. Бейнетрансляция, конгресс-байланыс, дыбыс күшейту, жарықтандыру, ақпаратты көрсету жүйелеріне, сондай-ақ тиісті кабельдік және желілік инфрақұрылымға ерекше назар аударылды.Отырыстарды өткізуге, бейнетрансляцияны және іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық жүйелердің (роботтандырылған камералардың, режиссерлік консольдің, споттардың және т.б.) бірқатары орнатылып, интеграцияланып бапталды.
Жүргізілген іс-шаралар техникалық инфрақұрылымның сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға, ықтимал ақаулардың алдын алуға және сессия барысында жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Инженерлік орталық объектілер мен техникалық жүйелерді толық дайындық жағдайында ұстау бойынша жұмысты жалғастыруда. Мамандар жабдықтар мен инженерлік жүйелердің жұмысын тұрақты түрде мониторингтеп, бақылауды жүзеге асырады, туындайтын мәселелерге жедел ден қояды және Қазақстан Республикасы Курултайының бүкіл жұмысы барысында олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.